Цвет кузова
Цвет интерьера
Түсіңізді таңдаңыз

Ханзадалық қызылкүрең
Көліктің суреті сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Интерьер
Экстерьері

Қозғалыстағы өмір
Қозғалыстағы өмір
Әсерлі

CHERY TIGGO 8 PRO экстерьерінің дизайны үлкен қаладағы өмір темпераментіне сәйкес келеді. Автокөлік шанағындағы жатық және имек сызықтардың үйлестігі оның келбетіне бір мезгілде айбынды сенімділікті және күшті қуат энергиясын береді.

Үздік стиль
Үздік стиль
Мәнерлі

Жарық пен көлеңкені ойнатудың есебінен визуалды жарқырау әсерін қалыптастыратын 3D-матрица түпнұсқа стилінде жасалған алдыңғы радиатор торы ерекше назар аударуға лайық.

NEW CITY ELITE
NEW CITY ELITE
Стильді

TIGGO 8 PRO кроссоверінің дизайнымен General Motors, Ford, Hyundai, Buick of China және South Korea компанияларында жұмыс тәжірибесі бар Стив Юм басқарған халықаралық дизайнерлер командасы жұмыс істеді.

Full-led жарықдиодты оптикасы
Full-led жарықдиодты оптикасы
Артқы матрицалық шамның жарық көзі жақсы танылады, ал динамикалық бұрылыс сигналы жолда жақсы байқалады.

Алдыңғы фараларда жарықтандыру тиімділігін жоғарылату және энергия тұтынуды төмендету үшін жарықдиодты жарық көзі қолданылады. Шалғай жарықтың жарықтандыру қашықтығы 150 м-ден асады, ал таяу жарықтың жарықтандыру ені – 27 м. Динамикалық көрінісі бар бұрылыс көрсеткішінің шамы 14 жарықдиодты жарық көзінен тұрады және секундына 1 рет жиілікпен жыпылықтайды.

Екі түсті 18" құйма дискілер
Екі түсті 18" құйма дискілер
Алюминий қорытпадан жасалған екі түсті 18" дискілер автокөліктің ерекше спорттық стилін көрсетеді.

Өзіне ғана тән бояу автокөлік бейнесін аша түсіп, көрікті етеді.


Нағыз бизнес-класс
Нағыз бизнес-класс
Жеке

Жүргізушінің 10 бағытта (оның ішінде бел аймағы) электржетекпен реттелетін технологиялық орындығы эргономикалық тұрғыдан өте жайлы әрі баптау жадтары бар. Премиалды деңгейдегі жайлылықты сезініңіз!

Цифрлық басқару аймағы
Цифрлық басқару аймағы
Цифрлық

Негізгі 12,3” дисплей смартфонмен және оның қолданбаларымен синхрондауды қоса алғанда, ең заманауи медиажүйелерге жол ашады. 1920x720 пиксельді HD суретті барынша дәл көрсетуге мүмкіндік береді.

Панорамалы төбе
Панорамалы төбе

Бірінші кластағы орындарыңыз. Ауданы 1,96 м² люгі бар SKY LOUNGE панорамалы төбесі жолаушыларға шегі жоқ жұлдызды аспанды тамашалап, ләззат алуға мүмкіндік береді. Люктің күннен қорғайтын пердесі 100 % күңгірттеуді қамтамасыз етеді және жазда салонды күйдіретін күн


Ішкі кеңістік
Ішкі кеңістік

Былғарымен қапталған интерьер салондағы атмосфераны әсірелей түседі. Ол өте қолайлы, мұны кішкентай балалары немесе үй жануарлары бар отбасылар да бағалай алады. Интерьер қара немесе қою қоңыр түсті.

Жеті реңкті палитрасы бар атмосфералық көмескі жарық жолаушылардың көңіл күйін көтереді. Оның жұмыс істеу режимінің аудиожүйе әуенінің ырғағымен үйлесуі өзіндік ерекшелік береді.

Қомақты жүксалғыш
Қомақты жүксалғыш

Бес орынды конфигурацияда қолдың көмегінсіз ашу функциясы бар жүксалғыштың көлемі – 1179 л. Орындықтар жиналғанда жүксалғыш 2101 литрге дейін ұлғаяды. Қолдарыңызда ауыр сөмкелеріңіз болса, электржетек бесінші есікті өзі ашады: көліктің кілтін қалтаңызға салған күйі оған бірнеше секундқа жақындасаңыз, жеткілікті.

Салонды трансформациялаудың көптеген нұсқалары бар. Салон сіздің қажетіңізге қарай оңай трансформацияланады. Тіпті ұзын өлшемді заттарды тасымалдау жолаушыларға кедергі болмайды: орындықтар бөлек-бөлек жиналады.


Иесі болыңыз Tiggo 8 Pro
img
Технологиялар

GETRAG ұсынған DCT7
GETRAG ұсынған DCT7
Тоқтаусыз

Getrag компаниясының DCT7 роботтандырылған беріліс қорабында механикалық және автоматты трансмиссия артықшылықтары бар. Онда май ваннасында жұмыс істейтін екі ілінісу механизмі пайдаланылған. Жылдам әрі қалыпты ауыстырып қосу отын үнемдеуге көмектеседі.

Қуатты 1.6 TGDI қозғалтқышы
Қуатты 1.6 TGDI қозғалтқышы

186 а.к. бар 1.6 TGDI қуатты турбиналанған қозғалтқышы Chery-дің австриялық AVL компаниясымен бірігіп әзірлеген Acteco тобының үшінші буынына жатады. Ол 186 а.к. және 275 Нм жоғары күш береді.

T1Х платформасы
T1Х платформасы

Ауырлық ортасы төменде орналасқан заманауи Т1Х платформасы 190 мм-лік жол саңылауын қалдырады. Толықтай тәуелсіз аспа: алдыңғысы тексерілген McPherson және артқысы көпиінтіректі.

Авиациялық технологиялар
Авиациялық технологиялар

Chery – авиақозғалтқыштарды сәтті әзірлеп шығарған және өндіретін жалғыз қытайлық автоөндіруші. Ары қарай ең заманауи және озық технологиялар жеңіл автокөліктерге арналған ІЖҚ жобалау барысында сәтті қолданылып жатыр.

Әлемдік көшбасшы жеткізуші BorgWarner компаниясының ең жаңа VVT (газ үлестіру фазаларын өзгерту) конструкциясының қолданылуы шуылдар мен дірілдерді айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге, сондай-ақ отын шығынын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Динамика және драйв
Динамика және драйв

1.6TGDI SQRF4J16 қозғалтқышын CHERY компаниясы мен австриялық AVL компаниясы әзірледі, ACTECO қозғалтқыштарының 3-ші буынына жатады. Қатарлы төрт цилиндрлік қозғалтқыш, оның 2 үлестіруші білігі, 16 клапаны, газ тарату фазаларын өзгертудің қосарлы жүйесі (DVVT), тікелей бүркуі және турбинасы бар.

5500 айн/мин кезінде максималды қуат 136,5 кВт (186 а.к.) құрайды, ал 275 Нм құрайтын айналдыру моментінің максимумын мотор 2000-4000 айн/мин кең диапазонында береді. Цифрлар 3,0 литрлік 6 цилиндрлі атмосфералық қозғалтқышқа сәйкес келеді. Қозғалтқышқа кепілдік 7 жылды немесе 200 000 км жүрілген жолды құрайды.


Иесі болыңыз Tiggo 8 Pro
img
Жайлылық

Премиумдық жайлылық
Премиумдық жайлылық
Жеке

Жүргізушінің 10 бағытта (оның ішінде бел аймағы) электржетекпен реттелетін технологиялық орындығы эргономикалық тұрғыдан өте жайлы әрі баптау жадтары бар. Премиалды деңгейдегі жайлылықты сезініңіз!

Сенсорлы климат-контроль
Сенсорлы климат-контроль
Технологиялы

Климат-контрольдің түрлі түсті 8" сенсорлы экраны – премиум сегментінің тренді. Ауаны баптау жүйесінде қорғаныс деңгейі жоғары N95 ұсақ түйірлер сүзгісі пайдаланылады. Ол 0,3 мкм асатын зиянды элементтердің 95 % астамын сүзіп алады.

Басқару
Басқару

"Борттық компьютердің 12,3"" экраны – көз тартарлық технологиялық шешім. Соңғы трендтерге сәйкес аналогтық аспаптар тақтасы цифрлық тақтаға орын берді. Диагоналі 12,3"" дисплей жүргізушіге қажетті барлық ақпаратты қауіпсіз көрсетудің жаңа мүмкіндіктерін ашып берді. Оның ішінде мультимедиа жүйесінен.

Климат-контрольдің түрлі түсті 8"" сенсорлы экраны – премиум сегментінің тренді. Ауаны баптау жүйесінде қорғаныс деңгейі жоғары N95 ұсақ түйірлер сүзгісі пайдаланылады. Ол 0,3 мкм асатын зиянды элементтердің 95 % астамын сүзіп алады."

Толық қысқы пакет
Толық қысқы пакет
Ең суық күндері толық қысқы пакет жайлылықты қамтамасыз етеді.

Машинада қапталдағы айналар, артқы және алдыңғы әйнектер, алдыңғы және екінші қатар орындықтары, руль және әйнекжуғыштың форсункалары жылытылады. Екі аймақтық климат-контроль және артқы жолаушыларға арналған дефлекторлар салондағы жайлы температураны қамтамасыз етеді.

Жылытқышы бар жайлы орындықтар ойластырылған эргономикасымен ерекшеленеді: ұзақ сапарлар бұдан да жоғары класты автокөліктегідей жеңіл болады. Жоғары сапалы былғарымен қапталған, жылытылатын, көпфункциялы руль еңкейту және көтеру бұрышына қарай реттеледі.

Қозғалтқышты кілттегі түйме арқылы қашықтан қосу қыста да, жазда да көмектеседі. Салпыншақтан берілетін пәрмен бойынша маусымға қарай салонды жылыта немесе салқындата отырып, климат жүйесі де мотормен бірге жұмыс істей бастайды.

Сымсыз зарядтау құрылғысы
Сымсыз зарядтау құрылғысы
Смартфонға арналған сымсыз зарядтау орнына гаджет қойыла салысымен іске қосылады және ол алынғаннан кейін автоматты түрде сөнеді.

Жылдам зарядтау және ұмытылған телефон жайлы ескерту функциялары қарастырылған.

Жеті реңкті палитрасы бар атмосфералық көмескі жарық жолаушылардың көңіл күйін көтереді. Оның жұмыс істеу режимінің аудиожүйе әуенінің ырғағымен үйлесуі өзіндік ерекшелік береді.


Иесі болыңыз Tiggo 8 Pro
img
Динамика

Қозғалыстағы технологиялар
Қозғалыстағы технологиялар
Тоқтаусыз

Қатарлы төрт цилиндрлік қозғалтқыш, оның 2 үлестіруші білігі, 16 клапаны, газ тарату фазаларын өзгертудің қосарлы жүйесі (DVVT), тікелей бүркуі және турбинасы бар. 5500 айн/мин кезінде максималды қуат 136,5 кВт (186 а.к.) құрайды, ал 275 Нм құрайтын айналдыру моментінің максимумын мотор 2000-4000 айн/мин кең диапазонында береді.

Қуатты 1.6 TGDI қозғалтқышы
Қуатты 1.6 TGDI қозғалтқышы
Қуатты

186 а.к. бар 1.6 TGDI қуатты турбиналанған қозғалтқышы Chery-дің австриялық AVL компаниясымен бірігіп әзірлеген Acteco тобының үшінші буынына жатады. Ол 186 а.к. және 275 Нм жоғары күш береді.

ESC қауіпсіздік жүйелерінің кешені
ESC қауіпсіздік жүйелерінің кешені
Басқарылатын

ESC қауіпсіздік жүйелерінің кешені энергия тұтынуды төмендету, есептеуді жылдамдату және жауап қайтару уақытын азайту үшін өнімділігі жоғары ең жаңа процессорды пайдаланады.

БАҚ электронды селекторы
БАҚ электронды селекторы

Берілістерді ауыстырып қосудың сәнді жоғары технологиялы электрондық иінтірегінің пайдаланылуы оңай, ол дәл ауыстырып қосуды және жоғарырақ қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Трансмиссияны басқару жүйесінің (соның ішінде EPB электрондық тұрақ тежегіші) автокөліктің жалпы ақпараттық желісімен терең бірігуі басқару жайлылығы мен қауіпсіздікті арттырады. AutoHold функциясы қысқа аялдамалар кезінде автокөліктің уақытша бекітілуін (тежелуін) жүзеге асырады.

Белсенді қолдау көмекшілері
Белсенді қолдау көмекшілері

TIGGO 8 Pro қауіпсіздік көмекшілері және жолдағы белсенді көмек пакетімен жабдықталған, олардың ішінде: бейімделетін круиз-контроль (ACC), қозғалыс жолағынан шығып кету туралы ескерту (LDW), жолақта ұстау көмекшісі (LKA), кептелістерде қозғалу көмекші жүйесі (TJA/ICA), алдыңғы жақтан соқтығысу туралы ескерту жүйесі (FCW), автономдық шұғыл тежеу жүйесі (AEB), жол белгілерін анықтау жүйесі (SLA), есіктерді ашу кезінде қауіп-қатер туралы ескерту (DOW), артқы жақта көлденең бағыттағы соқтығысу туралы ескерту (RCTA) және таяу/шалғай жарықты автоматты түрде ауыстырып қосу (IHC).

Белсенді қауіпсіздік көмекшілері
Белсенді қауіпсіздік көмекшілері

10-нан астам белсенді қауіпсіздік жүйесі, соның ішінде ABS, EBD, HDC, HBA, TCS+EDL және басқалары TIGGO 8 PRO кроссоверінің сенімді бақылануын қамтамасыз етеді.

Әрбір шина қысым датчигімен (TMPS) жабдықталған, ол сымсыз радиожиілікті сигналдардың көмегімен әрбір шинадағы қысым мен температура мәндерін қабылдайды және аспаптар тақтасының дисплейіне береді және тиімді түрде жазатайым жағдайлардың алдын алады.

Қауіпсіздік

Кепілдік 5 жыл
Кепілдік 5 жыл
Ақылды

CHERY TIGGO 8 PRO-ға кепілдік қайсысының бұрын орын алатынына қарай рекордтық 5 жылды немесе 150 000 км-ді құрайды. Сапасына және беріктігіне сенімділік ұзақ мерзімді сынау бағдарламасына негізделеді.

CNCAP 5 жұлдызы
CNCAP 5 жұлдызы
Қауіпсіз

TIGGO 8 PRO Қытай автокөлік технологиялары мен зерттеулері орталығының C-NCAP әдістемесі бойынша 5* деген ең жоғарғы қауіпсіздік бағасын лайықты түрде алды. Кешенді қорғаныш 6 қауіпсіздік жастығын және мықты күштік қауіпсіздік қаңқасын қамтиды.

Мырышталған шанақ
Мырышталған шанақ

Коррозияға төзімді мырышталған шанақ ауыр климаттық жағдайларда пайдалануға бейімделген. Катафорезді грунттаудың көп кезеңді үдерісінің арқасында коррозияға төзімділік 25 есе жоғары. Жоғары тозу әсеріне ұшырауға бейім жерлерде қосымша қорғаныш үшін пластиктен және композитті материалдардан жасалған бөлшектер орнатылады.

Белсенді қауіпсіздік

Бейімделетін жарықтандыру
Бейімделетін жарықтандыру
Толығымен жарықдиодты оптика – барлық нұсқасы жабдықталған. Интеллектуалды жарық түсіру жүйесіне қауіпсіздігіңіз үшін қараңғы уақытта бұрылыс көмескі жарығы, жарық датчигі, фаралардың сөнуін кідірту жүйесі кіреді. Жарықдиодтардың тиімділігі галогенмен салыстырғанда 2,7 есе жоғары. Фараларға стильді күндізгі жарықтар және динамикалық бұрылыс көрсеткіштері орнатылған.

Күшейтілген шанақ қаңқасы BENTELER AG неміс концерні өндірген, бағдарламаланатын деформация аймақтары бар, беріктігі жоғары термоқалыпталған болаттың 5 сұрпынан жасалған. Шанақ едені ЖКО кезінде қауіпсіздікті арттыру үшін үштік лонжерондармен қосымша күшейтілген.

Белсенді қауіпсіздік
Белсенді қауіпсіздік
Шиналардағы қысым мен температураны бақылау датчиктері қысым туралы деректерді радиоарна арқылы береді және жүргізуші оларды аспаптар тақтасынан көреді.

Ең жаңа ESC қауіпсіздік және бағдар тұрақтылығы жүйелерінің кешені алдыңғы буынмен салыстырғанда 33 есе дәлірек. Жылдам әрекет жасаудан басқа акустикалық жайлылыққа да көңіл бөлінді.


Иесі болыңыз Tiggo 8 Pro
img
Техникалық
Маркетингтік акцияларды есепке алғандағы ең жоғары қайта сату бағасы. Оферта емес. Толық ақпаратты CHERY ресми дилерлерінен нақтылаңыз
сипаттамалар
Прайс тізімін алу Жүктеп алу PDF

Кеңес алыңыз
Tiggo 8 Pro
img
Қосымша жабдық
Ыңғайлылықты, қауіпсіздікті және функционалдылықты арттыруға арналған техникалық жақсартулар мен керек-жарақтардың кең ауқымы
Толығырақ